Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті

Жарысқа 14 елден 53 шахматшы қатысты. Олардың ішінде АҚШ, Иран, Беларусь, Үндістан, Израиль, Украина, Әзірбайжан, Армения, Ресей (ФИДЕ жалауымен), Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның атақты гроссмейстерлері мен жас ойыншылары қатысты.

«Елімізде шахматтың дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қоғамға интеллекті жоғары, терең ойлайтын адамдар қажет екенін қашан да атап өтеді. Шахмат - ақыл-ойды дамытушы дара ойын. «KONAEV CUP» турнирі Қазақстандағы шахматты дамытуда үлкен рөл атқарады. Осындай маңызды жарыстарды ұйымдастыру халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Қонаев қаласы ірі спорттық шараларды өткізу және әлемдік спорт жұлдыздардың тартылу орталығы ретінде танылып келеді», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Ашылу салтанатында облыс басшысы жақында ғана Италиядағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Елназ Қалиахметті құттықтады.

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов Алматы облысына алғысын білдірді: «Бүгін біз бірінші кезекте шахмат ойынының құндылығын тағы бір көрсету үшін жиналып отырмыз. 2019 жылы Қазақстан әлемдік шахмат астанасы атанған еді, сол жылы елімізде командалық әлем чемпионаты өткізілді. Содан бері сол деңгейден еш түскен емеспіз, түрлі халықаралық жарыстарды өткізіп, шахматшыларымыз АҚШ, Испания, Әзірбайжан және Үндістанның “мен деген” ойыншыларымен тең дәрежеде өнер көрсетіп жүр. Бүгінгі турнирге келер болсақ, екінші жыл қатарынан әлемдік шахмат жұлыздары Қонаев қаласында бас қосып, жас спортшыларға өзін көрсетуге керемет мүмкіндік туындап отыр”.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 11 турда уақыт шектеуімен (5 минут+әр қадамға 3 секунд) өткізілді. 

 «Бұл - шахматтағы ең қызықты форматтардың бірі. Спортшылардың уақыты аз, шешім қабылдау қаншалықты қиын болса да, оны барынша тез қабылдау керек. Сондықтан концентрация мен шыдамдылық аса қажет», - деді Алматы облысы шахмат федерациясының президенті Саят Егенбердиев.

Жарыстың бас жүлдесін 12 гроссмейстер сарапқа салды. 11 кезең нәтижесінде бас кубок пен 500 000 теңге ақшалай сыйақыға Тимур Гареев (АҚШ) ие болды. 

«Мен түрлі халықаралық жарысқа қатыстым. Сондықтан, бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шахматта кәсіби аналитикалық қабілет және стратегиялық ойлау қабілетті көрсете білу маңызды. Бірақ мәселе жас ерекшелігінде емес. Бастысы - талант пен тәжірибе. Бұл турнирдің әр қатысушысы үшін маңызы зор. Жас шахматшылар әлемнің үздіктерімен ойнай алады» – деді жеңімпаз. Тимур Гареев - гроссмейтер (2004 жылы атанған), қос Олимпиада қатысушысы, әлемдік рекорд иегері (2016 ж).

Жүлде қоры 3 миллион теңгені құраған «KONAEV CUP – 2023» халықаралық турнирінің жалпы нәтижесі төмендегідей.

 1 орын - Тимур Гареев АҚШ

 2 орын - Вугар Расулов Әзірбайжан

 3 орын - Азамат Өтеғалиев Қазақстан

 4 орын - Мануэль Петросян Армения

 5 орын - Бардия Данешвар Иран

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды