Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар татами шеберлері бар. Атап айтқанда, Серікбаев Нұрқанат, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш сынды Азия чемпионатының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпаз-жүлдегерлері қатысады.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі

12 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -60 кг, -66 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг

Финалдық белдесулер – 17:00

13 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 9:00

Ерлер: -73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

14 ҚАРАША

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 16:00

15 ҚАРАША

Аралас-командалық жарыс

Жарыстың басталуы - 10:00

Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг

Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты - 15:00


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды