Қазақстандық ескек есушілер ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бүгін Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу сайыстары басталды. Академиялық ескек есуден Ханчжоудағы құрлықтық додада ел намысын жалпы 9 спортшы қорғап, олар жекелей бәсекеде, ерлер және әйелдер арасындағы жұптық сында, сонымен қатар төрттік жарыста сайысқа түсіп жатыр.

20 қыркүйек күні қазақстандық ескек есушілердің барлығы жарыс жолына шығып, іріктеудің алғашқы кезеңін өткізді. Ханчжоудағы бәсекеде қазақстандық ескек есушілер арасынан алғаш болып жарыс жолына Александр Афанасьев – Анастас Шашков жұбы шықты. Жеңіл салмақтағы ерлердің жұптық бәсекесінде бақ сынаған отандастарымыз 1000 метрді 6 минут 29.82 секундта жүзіп, мәреге үшінші болып келді. Олар ертең шешуші кезеңге өту үшін тағы бір мәрте бақтарын сынап көреді.

Ал әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстан атынан Светлана Германович пен Мария Чернец өнер көрсетіп жатыр. Жазғы Азия ойындарының іріктеуінде Германович – Чернец жұбы екі мың метр қашықтықты 7 минут 18.36 секундта жүзіп, бірден финалға жолдама ала алған жоқ. Светлана мен Мария да ертең финал жолдамасы үшін таласады.


Академиялық ескек есуден жекелей сында Владислав Яковлев Қазақстан намысын қорғауда. Жарыстың алғашқы күнінде екі мың метрді 7 минут 10.41 секундта жүзіп өткен Яковлев мәреге екінші болып келіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл сында Азиаданың финалистері 22 қыркүйек күні белгілі болады.

Сонымен қатар, бүгін іріктеу сайыстарында бақ сынаған Қазақстан әйелдер құрамасы мен ерлердің жұптық бәсекесінде өнер көрсеткен Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев финалға жолдама алды.

Төрттік жарыста Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Мария Чернец пен Светлана Германович ел намысын қорғап, аруларымыз екі мың метр қашықтықты 7 минут 3.37 секундта жүзіп, мәре сызығын төртінші болып кесті. Ал ерлер арасындағы жұптық сында Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев те мәреге төртінші болып келді. Олардың уақыт көрсеткіші – 6 минут 54.07 секунд. Осылайша, қазақстандық ескекшілер ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Академиялық ескек есуден жазғы Азиададағы ерлердің жұптық бәсекесі финалы 24 қыркүйек, ал төрттік жарыстың шешуші сыны 25 қыркүйек өтеді деп жоспарланған.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі