Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында футболдан еліміздің басты командасы Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Бұл «Ақтөбе» командасының ойыншысы үшін ұлттық құрама сапындағы екінші гол. Естеріңізде болса Максим Словенияға қарсы өткен ойында дебюттік голын соққан еді.

Осы жеңістен кейін Магомед Адиев шәкірттері Н тобында 12 ұпай жинап, төртінші орында келеді. Бұл Қазақстан үшін Еуропа және Әлем Чемпионаттарының іріктеу кезеңіндегі үздік көрсеткіші. Осыған дейін, ұлттық құрама 2008 жылғы және 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде 10 ұпай жинаған. 

Еуропа Чемпионаты - 2024. Іріктеу кезеңі. Н тобы

№. КомандаОйынЖеңісТең ойын ЖеңілісДоп айырмасыҰпай
1. Словения641113-613
2. Дания641112-513
3. Финляндия640211-412
4. Қазақстан64029-512
5. Солтүстік Ирландия61054-83
6. Сан-Марино60060-210

Айта кетейік, Астана Арена стадионында өткен ойынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин келіп, Қазақстан құрамасына қолдау білдірді. Ойын аяқталған соң ел Президенті команданың киім ауыстыраатын бөлмесіне барып, жеңіспен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қазақстан құрамасының келесі екі ойыны сырт алаңда өтеді. 14 қазан күні Копенгаген қаласында Даниямен кездессе, 17 қазан күні Хельсинкиде Финляндиямен ойын өткізеді. Екі ойынның да ұлттық құрама үшін маңызы зор.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі