Тұңғыш тайтұяқты он алты жасар мерген атып алды

Жамбы атудан (ат үстінде садақ ату) жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Көкшетау қаласында өткен ел біріншілігінде тарихи жаңалық орын алды.

 ҚР жамбы ату федерациясы ат үстінде садақ ату өнеріндегі тарихи дәстүрді қайта жаңғыртып, чемпионаттан тыс ат қылына байланған тайтұяқты нысанаға тіккен болатын.

Халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген ересек мергендеріміздің өзі мүлт кетіп, тұңғыш тайтұяқтың иесі анықталмай, Федерация тарапынан тағайындалған 300 000 теңге жүлдесімен қоса келесі жарысқа қалады деген болжамдар айтылған болатын.

Ересектерден кейін, жастар арасындағы ел чемпиондары да тайтұяққа жебелерін тигізе алмады.

Жарыстың соңғы күндерінде атқа қонған жасөспірімдерге де мүмкіндік берілді. Бұғанасы қатпаса да, ат үстіндегі бала мергендердің арасынан қарағандылық Нұрасыл Оралхан ат қылына байланған тайтұяққа жебесін дәл тигізіп, тарихи рекорд орнатты.

Тайтұяқтың диаметрі 10*10, салмағы 318 гр, фарфордан құйылған,4 метр биіктікте ат қылына байланған.Мергендер атпен 120 метр қашықтықта шауып өтіпнысананы көздеді.

Сондай-ақ, осыған дейін жамбышылар «қазақ», «түрік», «корей» стильдерінде атып, үш нысананың жиынтығында жеңімпаз анықталатын. Биылғы чемпионатта үш нысана бойынша үш бөлек орындар мен жеңімпаздар анықталып, ұлттық құрама мүшелерінің саны үш есеге артты.

Жамбы атудан ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша ересектер арасында Жамбыл облысы, жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысыүздік атанды.

Аталған чемпионатты ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР жамбы ату федерациясы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырды. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР ұлттық спорт қауымдастығы тағайындаған 3 675 000 теңге жүлде қоры табысталды.

Ат үстіндегі мергендер 27 маусым күні Венгрияның Помаз қаласында өтетін Әлем кубогіне дайындық үстінде. Ел намысын қорғайтын Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бексауыт, Мадияр Шәріпбаев.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы