Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында бесінші орын алды

Әйелдер арасында (-48 кг) салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында бесінші орынға тұрақтады.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде спортшымыз Кристина Дудинаға(INA) Waza-Ari ұпайымен жеңілді. 

Алғашқы кездесуінде Бельгия спортшысы Луиз Петитті жеңген Ғалия, ширек финалдың жолдамасы үшін өзбек қызы Халимджон Курбоноваға есе жіберген болатын. Осылайша, жұбаныш белдесуінде португалиялық Коста Катаринаны жеңіп, қазақстандық спортшы үшінші орынға күресу мүмкіндігін алды.

Жарыстың бірінші күні Ғалия Тынбаева турнирдің финалына жолдама алған жалғыз қазақстандық қыз болды.

Ерлер арасында Қазақстан сапынан финалда Мағжан Шамшадин (-60кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (-66кг) бақ сынайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды
Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды
Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды
Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
Милад Карими Әлем Кубогында күміс медальға ие болды
«Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық боксшылар топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі
2030 жылғы әлем чемпионатында 64 құрама ойнауы мүмкін
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Гран-приге Қазақстаннан кімдер барады?
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Ресми: ММА 2026 жылы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Шахмат: Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында топ жарды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды