Кеңес Рақышев бокстан Әлем Чемпиондарына ақшалай сыйлықтар табыс етті

2023 жылдың 31 мамыр күні Алматы қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Спортшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаржысынан ақшалай сертификаттар алды.

Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай 100 мың АҚШ долларымен марапатталса, күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа 50 мың АҚШ доллары берілді. Сонымен қатар, Рақышев мырза Дулатқа қымбат швейцар сағатын да сыйлады.

Бұл күні нәзік жанды боксшыларымыз да марапатталды. Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің финалистері Карина Ибрагимова мен Ляззат Күнгейбаева отандық бокс басшысынан 30 мың АҚШ долларын алды. Қола жүлдегерлер: Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйға ие болды.

Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады. Штаттағы жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және тб мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

«Әлем чемпионаты кезінде бізге ыстық қолдау көрсеткен бүкіл Қазақстан халқынан тағы да алғыс айтамын. Федерация, команда үшін бұл үлкен мәртебе. Біз әрқашан сенімді ақтауға тырысамыз. Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік бокс рейтингінде көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондарымызды алғашқылардың бірі болып құттықтады. Елге оралғаннан кейін боксшыларды Ақордада қабылдап, марапаттады. Бұл еңбегіміздің еленгенін, бағаланғанын білдіреді. Бүгінгі іс-шарамыз ерекше екенін айтып өтейін. Өйткені, біз спортшылар мен бапкерлерді ғана емес, алғашқы рет чемпиондарымыздың аналарын да марапаттап отырмыз. Бұдан былай бұл дәстүрге енеді деп ойлаймын. Алып анададан туады, сондықтан, ақ аналарымызға үлкен алғыс айтамын», - деді құттықтау сөзінде Кеңес Рақышев.

Еліміздің бірнеше қаласынан арнайы келген чемпиондардың аналарына Кеңес Рақышев гүл мен 2 миллион теңгенің сертификаттарын сыйлады.

Өзбекстан астанасындағы тамаша нәтиже үшін ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа 25 мың АҚШ долларымен қоса, ҚБФ көлік міңгізді.

Жекелей сыйлықтарды есептемегенде, марапаттаудың жалпы жүлде қоры 600 мың АҚШ долларын құрады.

Анықтама үшін:

Нью-Делидегі әйелдер арасындағы XIII әлем чемпионатына 65 елден 300 боксшы қатысты. Бас бапкер Шамиль Сафиуллиннің шәкірттері тұңғыш рет шетелдегі жарыста 6 жүлде иеленіп, керемет нәтиже көрсетті. Үнді рингінде Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева күміспен күптелсе, Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай қола жүлде иеленді.

Қазақстан ерлер құрамасына келетін болсақ, бас бапкер Мырзағали Айтжановтың шәкірттері XXII әлем чемпионатында 5 медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. 4 алтын және 1 күміс жүлде - қазақстан боксының тарихында сырттағы жарыста көрсеткен үздік нәтиже болды. Ташкент рингінде Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Дулат Бекбауов көзге түсті.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің боксшылар әлем чемпионаттарында 18 алтын медаль алған. Оның алтауын соңғы екі әлем біріншілігінде Сербия (2021 ж.) және Ташкент (2023 ж.) иеленген.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Зарина Дияс ITF W 50 турнирінің финалында жеңіске жетті
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді
  • Хоккей
Ғалым Мамбеталиев «Барыс» хоккей клубын жаттықтырады
  • Хоккей
Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды
Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды
Күрестен Әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды
Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
Үстел теннисінен Азия чемпионатында қазақстандық команда жартылай финалға өте алмады
  • Дзюдо
2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
  • Күрес
Грек-рим күресінен әлем чемпонатына баратын спортшылар анықталды
Астанада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді
Үстел теннисінен ерлер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Әмір Омарханов China Open турнирінің жеңімпазы атанды
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің Мемориалында жеңіске жетті
Шолу | Аргентина – Франция - 3:2 | Футзал | Әлем чемпионаты 1/2 финал
Қазақстандық жеңіл атлет Францияда жеңімпаз атанды
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды
Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте көш бастады