Дзюдодан Әлем Чемпионатының аяқталуына үш күн қалды

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады. 

Ерлер арасында Дидар Хамза(90 кг) өнер көрсетіп, бірінші айналымнан аса алмады. Молдова өкілі Дорин Готоноагаға есе жіберді.

«Кездесудің ортасына қарай «партерге» түсіп қалдым. Негізі «төрттағанда»төреші 1 минуттан көп уақыт бермейді, бірақ бұл жолы 2 минуттан аса уақыт күтті. Сөйтіп, «ұстап тұру» әдісімен жеңіліп қалдым», - деді Дидар Хамза.

Әйелдердің бәкесінде татамиге Анастасия Маякова (70 кг) шығып, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пуэрто-Риконлықы Мария Перестен жеңілді.

«Белдесу басында «вазари» ұпайына түсіп қалдым. Кеткен есені қайтару үшін алға ұмтылдым. Бірақ шабуыл кезінде сәл кідіріп қалып,қарсыласым әдіс жасап кетті», - деп айтты Анастасия Маякова.

12 мамыр күні әлем чемпионатында екі дзюдошымыз - Аруна Жангелдина(78 кг) мен Нұрлыхан Шархан(100 кг) өнер көрсетеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі