Қазақстан Ташкенттегі әлем чемпионатында бес жүлдеге қол жеткізді

Өзбекстан астанасы Ташкентте əлем чемпионатының жартылай финалына шыққан барлық боксшы белгілі болды.

Бүгін ел намысын Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай мен Қамшыбек Қоңқабаев қорғады.

Күндізгі сессияда рингке шыққан капитан АсланбекШымбергенов (71 кг) тартысты айқаста франциялық МаканоТраорені жеңіп, Ұлттық құрамаға алғашқы жүлдені алып келді. Асланбек жартылай финалда үндістандық Дев Нишатпен жолығады.

Хумо-Аренаның» төрінде əлем чемпионатында жарқын өнер көрсетіп жүрген Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз (80 кг) иорданиялық Хуссейн Эйшаишты ұтып (5-0), Аммандағы Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Келесі қарсылас ресейлік Имам Хатаев.

Кешкі сессияда Ұлттық құрамадағы еңжас, боксшы Санжар Ташкенбай, ересектер арасындағы əлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Отандасымыз (48 кг) ширек финалда жапониялық КазумаАротакиге мүмкіндік берген жоқ. Тіпті, қарсылас алғашқы раунд барысында нокдаунға түсті. Санжар келесі кезеңде ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасады.

Ұлттық құрамадағы дарынды боксшылардың бірі Махмұд Сабырхан бəсекені жартылай финалда жалғастырады. Өткен (2021) Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері ганалық МұхаммедАмадуды жеңді. Отандасымыз финал жолдамасын кубалық Вието Сото Иосванимен сарапқа салады.

Ташкентте көпке беймəлім боксшының бірі Дулат Бекбауов əлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен жекпе-жекте төрешілер отандасымыздың қолын көтерді. Ендігі қарсыласы грузиялық ГурулиЛаша.

Əлем чемпионатының 10-күні жүлдеге сынық сүйем қалғанда Серік Теміржанов (57 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) тоқтады.

Ташкенттегі бəсекенің жартылай финалы 12 мамырда өтеді. Ал финалдық жекпе-жектер 13-14 мамырға жоспарланған.

Әлем чемпионы атанған боксшы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) атынан 200 000 АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысы 50 000 мың АҚШ долларына ие болады. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ доллары.

Жартылай финалдық және финалдық бәсекелерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы