Дзюдодан Әлем Чемпионаты басталды

Әлем біріншілігінің алғашқы күні 4 спортшымыз ел намысын қорғады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев өнер көрсетсе, әйелдер бәсекесінде 48 келіде Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева сынға түсті.

Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы, Токио-2019, Ташкент-2022 әлем біріншіліктерінің қола жүлдегері жарысты екінші айналымнан бастап, алдымен Түркіменстан спортшысын таза ұтты. Бірақ 1/8 финалда өзбек дзюдошысы Дильшодбек Баратовқа Golden Score-да есе жіберді. Бұл қарсыласты Елдос өткен жылы Ташкенттегі әлем чемпионатында қола жүлде үшін өткен кездесуде ұтқан еді.

«Чемпионатқа барлық жағынан дайын болдым. Тәжірибем бар, қателіктермен жұмыс істедік, жарақаттарды емдедік. Жеребе де маған жолдас болды.Өзіме 100 пайыз сенімді болдым. Бірақ бұл жолы бұйырмады. Мен дзюдоны қоймаймын. Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар» - деп Елдос Сметов сұқбат берді.

20 жастағы Нұрқанат Серікбаев екінші айналымнан бастап өнер көрсетті. Алдымен молдовалық Тирсина Александруды тізе бүктіріп, Одан кейін, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемдік рейтингтің көшбасшысы тайпейлік Юн Вэй Янгтан қосымша уақытта басым түсті. Бірақ, ширек финалда Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы азулы жапон спортшысы Такато Ноахисадан ұтылды. Ал жұбаныш кездесуінде грузин балуаны Гиоргий Сардалашвилиден жеңілді. Нұрқанат алғашқы әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады.

Бұрымды дзюдошыларымызға келер болсақ, Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуде әзербайжандық Кенуль Алиевадан айласын асырып, артынша Оңтүстік Корея өкілі Ли Хек Йонгты иппонмен ұтты. 1/8 финалда биылғы 3 бірдей Grand Slam (Анталья, Тель-Авив, Париж) жарыстарының жеңімпазы – франциялық Понт Бландиеден Golden Score-да жеңілді.

Абиба Абужақынова екінші айналымда израильдік Малька Тамарды жеңді. Одан кейін моңғол қызы Баасанху Бавудорджы ұтып, ширек финалда сербиялық Мелисса Николичтен мықты екенін байқатты. Бірақ, жартылай финалда осы салмақтағы әлемдік рейтингтің үздігі француз спортшысы Ширин Боуклиге есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен кездесуде Абиба италиялық Ассунта Скуттоға вазари ұпайымен жеңіліп, 5-орынға табан тіреді.

«Негізі 3-орын емес, 1-орын алғым келген. Жартылай финалдағы қарсыласыммен 3-рет кездестім. Тактика дұрыс болмады. Жақын күресу керек еді. Барлық күшімді жартылай финалда жұмсадым. Ал қола жүлде үшін белдесуде өзімнің қателігмнің кесірінен жеңілдім. Моңғолия спортшысымен өткен екінші кездесуде иығымды ауыртым алдым. Бірақ, иығым шығып кетсе де медаль алғым келді. Басқа жарыста, бұйыртса Олимпиада ойындарында жұлде аламын», - деді Абиба Абужақынова өз сұхбатында.

8 мамыр күні татамиге екі отандасымыз шығады. 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын Толғанай Әбеуова, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қорғайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды