Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командалары Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Әлем біріншілігі 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов спортшылардың әлем чемпионатына қалай іріктелгені туралы айтты.

«Әлем чемпионаты – маусымның ең маңызды жарыстарының бірі. Біздің міндетіміз осы жарысқа барынша дайындалып, спортшыларды жақсы формаға келтіру болды. Әлем біріншілігіне спортшылар әр салмақ бойынша осы маусымдағы көрсеткіштеріне қарай іріктелді. Құрама спортшылары жыл басталғаннан бері бірнеше Гран При, Grand Slam жарысына қатысты және құрама сортшылары жыл басынан барлық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осындай нәтижеге қарай бапкерлер құрамы әлем чемпионатына қатысатын құраманы жасақтады. Нәтижесінде, Доха татамиінде ел намысын аға буын өкілдері де, жас дзюдошылар да қорғайтын болады.

Қазір біз Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығудың соңғы кезеңдерін өткізіп жатырмыз. Мұнда біз күш көрсеткіштері бойынша, техника мен тактика бойынша көп жұмысты жетілдіреміз. Әлем чемпионаты жылдың ең маңызды додасы болғанымен, одан кейін бізді Астанада өтетін Grand Slam жарысы күтіп тұр. Өз жерімізде өтетін әлемдік бәсекеде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бізге әлем чемпионатынан жарақатсыз, абыроймен оралу аса маңызды», - дейді Қазақстан ерлер құрамассының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Дохада өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

100 келі: Нұрлыхан Шархан

100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Эсмигуль Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетерлігі, Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады. Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайдан еншілейді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды
Жібек Құламбаева теннистен Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Астана QFL Лига Кубогының алғашқы жеңімпазы болды