Еуро-2024: Ұлттық құрама Данияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің ойынында Дания құрамасымен кездесіп, 3-2 есебімен жеңді.

Н тобында басты фаворит саналған Каспер Юльманн шәкірттері алғашқы минуттардан бастап жиі-жиі шабуылдап, Расмус Xёйлунд ойынның 21 минутында Игорь Шацкий қорғаған қақпадан саңылау тапты. Араға 15 минут салып, жас дат шабуылышысы Қазақстан құрамасының алаңындағы қарбаласты пайдаланып, дубль авторы атанды. Айта кетейік, 20 жасар ойыншы осыған дейін Финляндия қақпасына үщ гол соққан.

Екінші таймда Бақтияр Зайнутдинов (ойынның 73-минуты) пенальтиді сәтті орындады. Бұл Бақтиярдың Ұлттық құрама жейдесіндегі 28-ойыны және ұлттық құрама сапындағы 11-голы.

Қазір 24 жастағы жартылай қорғаушы сұрмергендер тізімінде 3-орында. Қазақстан құрамасы үшін Руслан Балтиев (13 гол) пен Виктор Зубарев (12 гол) ең көп гол соққан.

Ойынның 86-минутта Бауыржан Исламханнан пас алған Асхат Тағыберген айып алаңының сыртынан соққы жасап, тәжірибелі Каспер Шмейхель қақпасынан саңылау тапты. Бұл 32 жастағы ойыншының Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші голы. Осылайша, капитан өзінің 43-ойынында ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

Ойынның есебін теңестірген соң Қазақстан құрамасы алға ұмытылып, 89-минутта жеңіс голын соқты. Абат Аймбетов Ян Вороговский әуелете берген пасты сәтті пайдаланды. Бұл Абаттың 28-ші ойыны болатын. Осы уақыт аралығында шабуылшы 7 гол соққан.

Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 16 маусым күні сырт алаңда Сан-Марино құрамасына қарсы өткізеді,

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі