Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар барлығы 6 – 2 күміс пен 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шет елдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында Делиде соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен күш сынасып, тәжірибелі қарсыласына есе жіберді. Осы салмақтағы басты фавориттің бірімен кездескеніне қарамастан отандасымыз жарқын жекпе-жек көрсетті. Айта кетейік, Лəззат 2016 жылы əлем чемпионатында топ жарған.

«Біз Үндістанға алтын медаль үшін келдік. Бірақ дегенімізге қол жеткізе алмадық. Сәл сәттілік жетіспеді. Бұл біз үшін сабақ болды. Келесі Қытайдағы Азия ойындары сынды маңызды жарыста мұнда кеткен қателіктерді қайталамаймыз. Бар шеберлігімізді көрсетуге тырысамыз», - деді Шәміл Сафиуллин.

«Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет», - деп айтты Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күміс медальді Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған. Төрт спортшымыз – Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орында (3 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үздік үштікті Ресей түйіндеді (1/1/1). Ал біздің құрама 8-сатыда.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы, жаттықтырушылар штабы және Қазақстан бокс федерациясының өкілдері Делиден (KC 908 – JSC AIR ASTANA) Алматы халықаралық әуежайына 27 наурызда, елорда уақыты бойынша сағат 15:20-да тікелей рейспен ұшып келеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

ҚФФ чемпионаттарға төленетін жарнаны азайтты
Азияда - 2025: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді
Елена Рыбакинаның жаңа бапкері белгілі болды
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Анастасия Городко параллель-могулдан күміс жүлде иеленді
Қазақстан Данияға есе жіберді
Әли Әлиев – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы
2028 жылғы қысқы жастар Олимпиадасы Италияда өтеді
Хоккейден Қазақстан құрамасы «Словакияға» есе жіберді
Каратеші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте алға шықты
Енді елімізде легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді
Анна Данилина Аустриядағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Азия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан қатысатын Қазақстандық спортшылар белгілі болды
Азия-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары белгілі болды
Харбин-2025: Керлингтен ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы белгілі болды
Азия-2025: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық каратешілер Парижде өткен әлемдік додадан бес медальмен оралды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен алтын жүлде иеленді
Конькимен жүгіру: Қазақстан құрамасы Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды