Равиль Мансурбаев әлемдік Гран-при сериясының жеңімпазы атанды

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан сынға түскен қазақстандық Равиль Мансурбаев жеңіске жетті

Ол ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады.

Жарыста қазақстандық спортшылар осымен 3-ші медальді иеленді. Бұдан бұрын, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин алтын медальді жеңіп алса, ядро латқытрудан Дастан Мукашбеков Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысты.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі