Қазақстандық теннисшілер АТР санатындағы жарыстың ширек финалында

АТР санатындағы теннис маусымы жалғасып жатыр. Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінде бақ сынап жатқан Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында ширек финалға жолдама алды.

Жұптық бәсекеде еліміздің көшбасшылары алғашқы кездесуінде Александр Эрлер мен Лукас Мидлерден (Австрия) құралған тандемді 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстандық жұптың келесі кезеңдегі қарсыласы анықталған жоқ.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан АТР 500 турнирінің  жекелей сынында жеңілгенімен, жұптық сында Станислас Вавринкамен бірге Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Мате Павич/ Никола Мектич (Хорватия) жұбын 3:6, 7:6 (7:3), 10:7 есебімен жеңіп, ширек финалдың қатысушысы атанды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі