Күрес түрлерінен ҚР VI жазғы спартакиадасы

3-7 ақпан аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен ҚР VI жазғы спартакиадасы өтеді. Кешенді республикалық жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 17 облысынан командалар қатысады.

Жарыстың мақсаты мен міндеті:

- Олимпиадалық және спорттық қозғалысты насихаттау мен беделін арттыру 

- Ел аймақтарында күрес және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту 

- ХІХ жазғы Азия ойындары (Қытай, қыркүйек), әлем чемпионаты (Сербия, қыркүйек), Азия чемпионаты (Үндістан, наурыз-сәуір) және рейтингтік турнирлерге грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан республикасы ұлттық құрама командасын жасақтау    

Жарыс бағдарламасы: 

3-4 ақпан – грек-рим күресінен белдесулер (248 қатысушы);

5 ақпан - әйелдер күресінен белдесулер (110 қатысушы); 

6-7 ақпан – еркін күрестен белдесулер (272 қатысушы). 

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады. 

Спартакиада United World Wrestling (Біріккен күрес әлемі - халықаралық күрес түрлері федерациясының ресми атауы) бекіткен ережеге сәйкес 30 салмақ дәрежесінде (әр түрінен 10 салмақ) өтеді. Кешенді жарысты ұлттық және халықаралық дәрежедегі, оның ішінде олимпиадалық санаттағы (1S) төрешілер құрамы жүргізеді. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі