Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу матчтарын тікелей эфирде 770 мыңға жуық қазақстандық тамашалаған.

Қыркүйек айының басында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ӘЧ іріктеу матчтарын өткізді. Тартысқа толы кездесулерді "Qazaqstan" және "Qazsport" арналарынан 770 мың көрермен тамашалаған. Барлық кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынды. Оның ішінде 680 мыңға жуық көрермен теледидар арқылы тікелей эфирден тамашаласа, одан бөлек 90 мың көрермен арнамыздың ресми сайты Qazsporttv.kz арқылы ұлттық құрамаға жанкүйерлік етті. 

Ұлттық құрамамыз Әлем Чемпионатына іріктеу аясында 1 қыркүйек күні өз алаңымызда Украинамен жолықса, 4 қыркүйек күні Финляндия, 8 қыркүйек күні Босния және Герцеговинамен сырт алаңда кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттерінің еншісінде 5 ойыннан кейін 3 ұпай бар.

Ұлттық құраманың 9 қазан Босния және Герцеговина, 12 қазан Финляндиямен өз алаңымызда болатын матчтарын "Qazaqstan" және "Qazsport" арналарынан көрерменге тікелей эфирде көрсету жоспарланған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды