«Қазақстан» телерадиокорпорациясы UEFA EURO 2020 көрсетілімін қорытындылады

11 маусым – 11 шілде аралығында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Еуропаның 11 қаласынан 100 сағаттан астам уақыт тікелей трансляция жасады. Турнир аясындағы 51 матчтың 32-і Ұлттық арна эфирінен, 28 матч «Qazsport» телеарнасынан көрсетілді. Плей-офф кезеңіндегі ойындар екі арнадан қатар берілді. Әр ойынның алдында тікелей эфирдегі студиялық «Доп дода», «Путь на Уэмбли» бағдарламалары жарыққа шықты. Бұл спорт жанкүйерлері үшін ойын алдындағы болжамдарын, матч туралы ойларын бөлісетін алаңға айналды. Бағдарламаларға 50-ден астам футбол мамандары, бапкерлер, ойыншылар, жанкүйерлер мен функционерлер қатысты. Матчтарды жүргізуге Корпорация еліміздегі ең үздік 15 комментаторды шақырды.

Еуропа чемпионаты аясында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының әлеуметтік желілерінде «Матч есебін тап», «Енді сенің кезегің» байқаулары ұйымдастырылды. Еліміздің әр түкпірінен 21 жеңімпаз анықталып, EURO 2020 турнирінің ресми добы мен командалардың жейдесі табысталды.

Бір ай уақыт аралығында «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының рейтингтік үлесі 316 пайызға, ресми сайттарды тұрақты пайдаланушылар саны 244 пайызға артты. Әлеуметтік желілерімізге 65 мыңнан астам жаңа пайдаланушы қосылды.

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы барша көрермендерге, студиялық бағдарламалардың ерекше өтуіне атсалысқан жүргізушілер мен спорт сарапшыларына, қазақстандық жанкүйерлерге футбол тойының ерекше атмосферасын сезіндірген комментаторларға алғыс білдіреді.

Төртжылдықтың келесі басты бәсекесінде кездескенше!

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі