Қазақстан командасы биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатына қатысады

27-31 қаңтар аралығында Польшаның Душниках-Здруй аймағында биатлоннан Еуропаның ашық чемпионаты өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады.

Мақсат Шаранов жаттықтыратын Қазақстан командасы Италияның Антхольц аймағында өткен әлем кубогінің жетінші кезеңінен соң Польшаны бетке алды. Бүгінде команда мүшелері оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, дайындықты пысықтауда.

Бас бапкердің айтуынша, аталған жарыс Словенияның Поклюка қаласында өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Биатлоннан Еуропа ашық чемпионатының жарыс кестесі төмендегідей:

27 қаңтар

Жекелей сын – әйелдер, ерлер;

29 қаңтар

Спринт – әйелдер, ерлер;

30 қаңтар

Із кесу жарысы – әйелдер, ерлер;

31 қаңтар

Сингл-микст

Аралас эстафета


Дереккөз: olympic.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі