Михаил Кукушкин мен Александр Бублик ATP 250 Astana Open турниріндегі кездесулерін бастайды

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан беделді ATP 250 Astana Open турнирінің 28 қазандағы жарыс күні қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің корттағы ойындарымен басталады.

Әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик турнирдің рейтингтік кестесінде 6 сатыда тұр. 1/16 финалда ол АҚШ спортшысы Маккензи Макдональдпен шеберлік байқасады. Ал бұл кездесудің жеңімпазы бір күн бұрын ресейлік Аслан Карацевті ұтқан, уайлд-кард иегері Андреас Сеппимен ойнайды.

Бублик пен Макдональд осыдан екі апта бұрын Санкт-Петербург кортындакездескенболатын. Ойын 6:2, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен үш сетте де қазақстандықтың пайдасына шешілген еді.

Михаил Кукушкин Astana Open турниріндегі кездесуін Аргентина құрамасының сапында Дэвис кубогын иеленген, әлемнің 76-ракеткасы Федерико Дельбониске қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда оның қарсыласы турнирдің бірінші нөмірі Бенуа Пэрм.

Михаил Кукушкин мен Федерико Дельбонис Ұлттық теннис орталығының кортына Фернандо Вердаско мен Джон Миллман арасындағы матч аяқталғаннан кейін, шамамен сағат 14:50 шығады.

Александр Бублик пен Маккензи Макдональд текетіресі Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 18:00 өтеді.

Короновирус пандемиясына байланысты турнир жанкүйерсіз өтіп жатыр. Ойын трнасляциясы "QAZSPORT" арнасы арқылы таратылады.

Astana Open додасының 1/8 финалының басқа қатысушылары анықталды. Олардың арасында Фрэнсис Тьяфу, Миомир Кецманович, Адриан Маннарино бар. Финал 1 қараша күні өтеді.

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар.



Қазақстан теннис Федерациясы

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы