«QAZSPORT» телеарнасы ATP 250 «Astana Open» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

АТР 250 сериясы аясындағы мұндай халықаралық турнир Қазақстанда алғаш рет өтеді. 

25 қазан мен 1 қараша аралығында "Дәулет" ұлттық теннис орталығында 30 елдің үлкен ракетка шеберлерінің басы қосылмақ.

Басым бөлігі - әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне енетін ойыншылар. Бенуа Пэр, Ришар Гаске, Жиль Симон, Адриан Маннарино бастаған бір топ француз теннисшілері өз өнерлерін ортаға салады. 

Сонымен қатар, Фернандо Вердаско, Пабло Андухар, Джон Миллман, Миомир Кецманович, Фрэнсис Тиафо сияқты саңлақтар сынға түседі. 

Қазақстанның намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Тимофей Скатовтар қорғайды. Жұптық сайыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов және Бублик-Кукушкин жұбы бақ сынайды. 

Турнирдің жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды.

Жарыстың тікелей трансляцияларын отандық көрермендер «QAZSPORT» телеарнасының эфирінен көре алады. 

Сондай-ақ, теннісшілердің бәсекесін Qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильдік қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі
Португалия құрамасының ойыншысы мен інісі жол апатынан қаза тапты
Юлия Путинцева мен америкалық Пейтон Стернс жұбы Уимблдон турнирінде жеңіліп қалды
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің алғашқы айналымында жеңілді
World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды