Барыстың» кейінгі қалдырған кездесуі қашан өтетіні анықталды
Құрлықтық хоккей лигасы коронавирусқа байланысты кейінгі қалдырылған «Барыс» пен «Северсталь» арасындағы матчтың қашан өтетінін мәлімдеді.
Алғашында 20 қыркүйекке жоспарланған матч «Барыс» ойыншыларынан коронавирус тіркелгеніне байланысты кейінгі қалдырылған болатын.
Бүгінде ҚХЛ екі команда арасындағы кездесу 8 қараша күні өтетінін жариялады.
Айта кетелік, коронавирусқа байланысты «Барыстың» алты кездесуі кейінге шегерілген.