Көптен күткен Чемпиондар лигасы қайта оралды!

Араға 2 айдай уақыт салып клубтар арасындағы әлемнің үздік додасы қайта оралды. Ертең Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық бәсекелері басталады. «QAZSPORT» телеарнасының эфирінен тартысты кездесулерді көре аласыздар. Кәрі құрлықтың 16 үздік командасы ширек финал жолдамасы үшін таласқа түседі.

📺 «QAZSPORT». 🇪🇸 «Атлетико»- «Ливерпуль» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

📆 18 ақпан ⌚01:50.

«Атлетико» үшін 2020 жыл сәтсіз басталды. Испания суперкубогінде корольдік клубқа есе жіберді. Сондай-ақ олардың жеңіссіз сериясы 5 матчқа дейін созылды. Осы маусымда Диего Симеоне қос бірдей қиындыққа тап болды: шабуыл шебіндегі ойыншылардың осалдығы және көптеген маңызды ойыншылар жарақат алды.

«Ливерпуль» ағылшын додасының кубогін ұтуға бір табан жақын қалды. Олар 42 матч бойы жеңілген жоқ. Юрген Клопптың командасы басты қарсыласы «Манчестер ситиден» 25 ұпай алда келеді. Кәрі құрлық додасында да өткен жылғы жетістігін қайталауы әбден мүмкін.

Естеріңізе сала кетейік, «Боруссия»-ПСЖ кездесуін «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сүйікті командаңа «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» арналарымен бірге жанкүйер бол!


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы