UFC «QAZSPORT» телеарнасына қайта оралды!

18 қаңтарда әйгілі спортшы Конор Макгрегор октагонға қайта оралады. Ирландиялық спортшы америкалық Дональд Серронемен Лас-Вегаста айқасқа түседі. Араға жыл салып аталмыш дода «QAZSPORT» телеарнасына қайта оралды.

 Конор Макгрегор UFC 246 турниріне дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 21 мәрте қарсыластарын қапы қалдырды. Ол 15 ай бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Конор соңғы жекпе-жегінде жеңілмеген ресейлік спортшы Хабиб Нұрмағамедовтен ұтылды. Бұл кездесуді қазақстандық көрермендер «QAZSPORT» арнасынан тікелей эфирде тамашалады.

 «Ковбой» өткен жылы 4 кездесу өткізді. Екі рет қарсыластарынан басым болғанымен, қос жекпе-жегінде жеңілістің ащы дәмін сезінді. Америкалық тәжірибелі спортшы 49 мәрте айқасқа түсіп, 36 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

 16 қаңтар күні Лас-Вегас қаласында қос спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Олар журналистер қойған сұрақтарға жауап беріп, бір-бірімен көз арбасты. Әркез қызуқандылық танытатын ирландиялық спортшы бұл жолы америкалық «Ковбойға» жылы шырай танытты.

 Сонымен қатар Конор Макгрегор осыған дейін жаттығу кезінде ащы судан ұрттағанын мойындады. Ирландиялық бұл кездесуге қызу дайындық өткізіп, алдағы уақытта қайтадан бокста бақ сынап көрмекші.

 Конор мен «Ковбойдың» кездесуі — жаңа жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі. Аталмыш жарысты «QAZSPORT» телеарнасы бастан-аяқ тікелей эфирде көрсетеді. UFC 246 жарысы 19 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 07:00-де басталады. «QAZSPORT» телеарнасы 5 сағат бойы патша көңіл көрерменге ерекше әсер сыйламақ. Сүйікті спортшыңа біздің арнамен бірге жанкүйер бол!

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды