Қазақстандық зілтеміршілер "Катар кубогында" жүлделі болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Катарда өткен лицензиялық турнирде үш медаль жеңді. 

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Ал 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нижат Рахимов қоссайыс нәтижесінде 246 келіні көтеріп, жалпы есепте үшінші орын иеленді. Сондай – ақ, Нижат жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола медаль жеңіп алды.

Дохадағы жарыстың соңғы күнінде 87 келіде сынға түскен Раушан Мешітханова қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келіге ғана есе жіберді. Сондай-ақ, жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады. 

Ал жарысқа қатысушылар тізімінде болған Илья Ильин бұл жолы да жаттығу кезінде жарақаты сыр беріп, өз бағын сынаудан бас тартты. 


Фото: ҚР ҰОК

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

2028 жылғы Олимпиадаға жаңа салмақ дәрежелері бекітілді. Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы «Жібек жолы» турниріне қатысады
ПСЖ жеңіске жетті
«Барселона» алғашқы матчта жеңіске жетті
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақ жігіті Дубайда бразилиялық футбол жұлдызы Роналдиньоға шапан жапты
«Интер» «Бавариядан» басым түсті
Деклан Райс «Арсеналға» жеңіс сыйлады
Сұлтан Заурбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді
Махмұд Сабырхан мерзімнен бұрын жеңіске жетті
Лола Әділбекова көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Оралда арқан тартыстан Қазақстан Республикасының рекорды орнатылды
Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль алды
Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені жеңді
Батыр Жүкембаев кезекті жеңісіне қол жеткізді
Балауса Мұздыман жеңіске жетті
Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Алишер Абдулалим жеңіске жетті