Денис Ұланов ресми түрде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Денис Ұлановқа Ашхабадта өтіп жатқан Әлем чемпионаты барысында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды.

Олимпиада жүлдесін отандасымызға Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аянның өзі табыстады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Денис Ұланов  85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, төртінші орыннан көрінген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлет 390 келі еңсерген еді. Сол жарыста румыниялық Габриель Синкарян отандасымызбен бірдей нәтиже көрсеткен. Бірақ, румын спортшысы салмағының жеңілдігіне байланысты үшінші орынды иемденген еді.

 

Кейін Синкарянның Олимпиада ойындарында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже беріп, ауыр атлет спорттан шеттетілді. Оның Олимпиададағы көрсеткіші жоққа шықты. Осылайша, қола медаль ресми түрде Денис Ұлановқа табысталды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші жеңісіне жетті
ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 14 жүлде алды
Қазақстанның ерлер құрамасы шорт-тректен қола жүлде иеленді
Шорт-трек: Аралас эстафетадан Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарында қола жүлдеге ие болды
Кирилл Бауэр Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды