Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

ПСЖ - Тоттенхэм | УЕФА Суперкубогы | Шолу | Обзор
Слован - Қайрат | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Іріктеу кезеңі | Шолу
Арнайы репортаж І Абай жерінде балуандар бәсекесі
Матч қарсаңында І Студиялық бағдарлама І УЕФА Чемпиондар Лигасы | Іріктеу кезеңі
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 11.08.2025
ҚПЛ І 20 тур ойындарына шолу
Шолу І Обзор І Қайсар - Ордабасы І ҚПЛ І XХтур
Доп дода бағдарламасы
Шолу І Обзор І Елімай - Ақтөбе І ҚПЛ І XХтур
Шолу І Обзор І Оқжетпес - Жетісу І ҚПЛ І XХтур
Шолу І Обзор І Атырау - Тұран І ҚПЛ І XХтур
Шолу І Ұлытау - Қызылжар І ҚПЛ І XХтур
Тур по туру
Матч қарсаңында І Студиялық бағдарлама І | УЕФА Конференция Лигасы | Іріктеу кезеңі
Лозанна - Астана | Конференция Лигасы | Іріктеу кезеңі | Шолу
Qazsport алаңы ток-шоуы І Водная стихия
Қайрат - Слован | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Іріктеу кезеңі | Шолу
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 06.08.2025
Матч қарсаңында І Студиялық бағдарлама І | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Іріктеу кезеңі
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 06.08.2025