1-2 маусым күндері Теңге ілу және Аударыспақтан Азия Чемпионаттары өтеді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз залында Теңге ілуден ІІ және Аударыспақтан ІІІ Азия Чемпионатын өткізуге байланысты баспасөз конференциясы өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қатысты.

 

Аталған чемпионаттарға 9 елден (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай,  Түркия) 54 спортшы, ал жалпы жарысқа қатысатын делегация мүшелерін қосқанда, 100-ге тарта адам қатысуы жоспарланған.

 

Теңге ілуден ІІ Азия және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаттарының жалпы жүлде қоры – 14 000 000 теңге.

 

Сондай-ақ, теңге ілуден ІІ Азия Чемпионатын өткізу регламентіне сәйкес, жарысқа 18-ге толған, жеке басын куәландыратын құжаты бар спортшы қатысады. Жарыс 5 салмақ және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша (60 кг., 80 кг., 90 кг., және 90 келіден жоғары) өткізіледі.

 

Аударыспақтан Азия чемпионатына  9 мемлекеттен 44 спортшы қатысады.

 

Биылғы қос чемпионат «Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу» аясында ұйымдастырылмақ.

          «Мәдениет және спорт министрлігі соңғы уақытта ұлттық спорт түрлерінің дамуына аса үлкен назар аударып келеді. Бұл дегеніңіз – тарихты, тарихи санамызды жаңғырту. Биыл Астана өзінің 20 жылдығын мерекелейді. Осындай маңызды дата қарсаңында біздің ведомство мәдени шаралармен бірге, спорттық сайыстарды даярлап жатыр. Теңге ілу мен Аударыспақтан өтетін Азия Чемпионаттарына онға тарта елдің  спортшылары келеді деп жоспарланған»,- деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

Аталған спорттық шараларға ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитеті  өкілдерінің қатысуы жоспарланған.  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның пікірінше,  ЮНЕСКО атынан дәрежелі қонақтардың келуі – еліміздегі ұлттық спорттың даму қарқынына деген әлемдік қауымдастықтың қызығушылығының көрінісі.

 

«ЮНЕСКО өкілдері шараға келетіндіктерін растады. Біздің ұлттық ойындардан өтетін Азия чемпионаттарына халықаралық ұйым өкілдерінің назар аударуы – этноспорттың келешекте әлемдік деңгейге шығуынан үміттендіреді. Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спортты өркендету жөніндегі бастамаларымызға үнемі қолдау білдіріп келетінін айрықша атағым келеді»,-деді Бекболат Тілеухан.

 

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының «Астананың 20 жылдығына 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясын бастағаны мәлім болды. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы