«Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті

Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен алып шаһардың 1000 жылдығына арналған «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті. Қазақстанның әр түкпірінен қатысқан спортшылардың алқалы сайысы «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жүрді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қала әкімі мәдени - рухани мұра мен спорттық түрлі шаралардың қанат жайып келе жатқандығын айтты. Айтыс және термемен бірге ел арасында көкпар, күрес, жамбы ату және басқа да спорттық шаралар кең тарауда. «Тәуелсіздік алғалы бері ұмыт қалған дәстүрлі ұлттық спорт түрлері жаңғыра түсуде. «Ұлы дала ойындары» тарихи турнирінің 85 жылдық тарихы бар Алматы ипподромында өтуінің символикалық мәні бар» - деді Б.Байбек. «Ұлы дала ойындары» турниріне ұлттық спорттың 8 түрі енген. Мысалы, 25 шақырым аламан бәйгеде алматылық Олжас Арықбаев үздік атанды. Аударыспақта Ермахан Рахматулла алдына жан салмады. Теңге ілуде Ақылбек Қымызбаев жеңімпаз атанса, қыз қууда Айдария Әлихан мен Ерболат Әбдіразақ жүлдеге ие болды. Жамбы атуда тараздық Елдос Бадашев жеңіске жетсе, асық атуда Алматының «Дорожник-2» командасы суырылып алға шықты, тоғызқұмалақта Оңтүстік Қазақстан облысының командасы тұғырға көтерілді. Көкпарда Астананың құрама командасы көш бастады. Негізгі ойындардан басқа құс салу, аңшы иттердің көрмесі ұйымдастырылып, өзге де шаралар өтті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы