Құсбегілердің қырандарына чип орнатылып жатыр

Қыран құс ұстап, саятшылық ету қазақтың байырғы салты. Қазіргі уақытта да елімізде бүркіт ұстап отырған жандар баршылық. Қазақстан бойынша ресми тіркелген 270 бүркіт бар екен. Оларға құжат беру жұмыстары толығымен аяқталған. Бүгінде енді әрбір құсқа чип орнату жүріп жатыр. Саятшы Ерлан Кенжетаевтың қолында 3 бүркіт пен 2 қаршыға бар. Саятшылықты жанына серік еткеніне 5 жыл болыпты. Құс салып, аң аулағанды жаны сүйеді. Бүркітті күтіп, баптауға ерекше көңіл бөледі. Оның айтуына қарағанда бүркітке чип орнату аңшы қаруына рұқсат еткенмен бірдей дүние. «Бір жерде жүргенде тексеретіндер болса, тек чиппен қарап тексереді ғой. Құсқа қатысты деректердің барлығы чибінде жазылып тұрады. Сол үшін керек. Шетелге шығу үшін, шекарадан өту үшін, бір жерге жарыстарға шақырып жатса осы чиптің пайдасы тиеді», -дейді саятшы. Чип бүркіттің кеудесіне шприц арқылы орнатылады. Бұл қондырғы болмаса, бүркіт заңсыз алынған болып есептеледі. Жазасы жеңіл емес. 1 миллион теңге айыппұлдан бастап, 2 жыл бас бостандығынан айырылу мүмкін. «Қансонар» қоғамдық бірлестінің Астана қаласы бойынша атқарушы диекторы Владимир Земблевский бұрын саят құстарына сақина салынғанын, ол құсқа зиян екенін айтты. «Бұрын біз бүркіттерге сақина салатынбыз. Оның құсқа зақым келдіру ықтималдылығы жоғары. Қажайды. Суық, аязды күндері металлдан жасалған бұйым кері әсер етеді. Ал чиптің еш зияны жоқ. Көлемі кішкентай. Халықаралық талапқа сай. «Ситиз» деген ұйыммен бекітілген»-деді ол. Толығырақ Ұлттық арнаның кешкі жаңалықтарынан көріңіздер.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы