Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола медаль еншіледі

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, таеквондошы Ботагөз Қапанова қола жүлдегер атанды.
Спортшымыз жарыс барысында жартылай финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, аталмыш кезеңде Қытай спортшысына жол берді. Нәтижесінде турнирді үшінші орынмен аяқтады.