Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Күрестің үш стилі бойынша Вьетнамның Вунгтау қаласында U17 және U23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты өтті.
Жалпы медальдық есепте отандастарымыз күрестің үш түрінен 13 алтын, 12 күміс, 13 қола, барлығы 38 жүлде жеңіп алды.