Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді

Отандасымыз 20 шілде күні Бішкектегі бокс кешінде алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Қарсыласы филиппиндік Кристиан Леган. Ол осы уақытқа дейін 10 жекпе-жек өткізген. Алтауында жеңіске жетсе, біреуінде жеңілген және үш кездесуі тең аяқталған. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.