Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды

«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» клубымен кездеседі.
Алғашқы матч 8/9 шілде, қарымта матч 15/16 шілде күндері өтеді. Ойындардың нақты күні мен уақыты 20 маусымға дейін УЕФА тарапынан жарияланады.
Жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шығып, автоматты түрде Еуропа лигасының үшінші кезеңіне және Конференция лигасының үшінші кезеңіне қатысу құқығын иеленеді.
Жеңілген команда Конференция лигасының екінші кезеңіне түседі.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне (36 команда қатысатын) өту үшін төрт іріктеу кезеңінен өту қажет.