Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Аустралияны 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты.
Іріктеу кезеңін ұлттық құрама үш кездесуде де жеңіспен аяқтады. Бұған дейін біздің спортшылар Сауд Арабиясы мен Жапония құрамаларын тізе бүктірген болатын.