Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасының жеңіл атлетикадан өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өткен ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
Спортшы ұзындыққа секіру жарысында екінші орынды иеленді.
Анастасия ең үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.
Ал бірінші орынды Ю Чон Ми (6.04 м) жеңіп алса, қола жүлде таиландтық Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.