Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды

Германия мен Франция құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өткен матчта француздар жеңіске жетті.
Қорытынды есеп — 2:0.
45-минутта Килиан Мбаппе есеп ашып, ал 84-минутта Майкл Олисе есепті еселеді.
Осылайша, Франция ҰЕФА Ұлттар лигасының қола жүлдесін жеңіп алды. Матч Германияда өтті.