Қазақстан ерлер құрамасы командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды
Жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров иеленді. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады.
Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), ал екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай) иеленді.