Александр Бублик ширек финалда Янник Синнерге есе жіберді

Қазақстандық теннисші (№62) Roland Garros турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерге есе жіберді.
Синнер Бубликті 6:1, 7:5, 6:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Матч 1 сағат 49 минутқа созылды.
Турнирдің жартылай финалында Синнер Германия өкілі Александр Зверев (№3) пен сербиялық Новак Джокович (№6) арасындағы кездесудің жеңімпазымен бақ сынасады.
Айта кетейік, бұл Бубликтің «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердегі алғашқы ширек финалы.