Ламин Ямаль әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастады

CIES ұйымының мәліметі бойынша, оның нарықтық құны 400 миллион еуро. Екінші орында тұрған Эрлинг Холанның құнынан 160 миллион еуроға қымбат болды.
2025 жылғы «Алтын доптың» басты үміткері саналатын Усман Дембеле 93-орынға табан тіреп, оның бағасы 60,9 миллион еуроны құрады.
Ал Винисиус Жуниор 130,4 миллион еуро көрсеткішімен жетінші орынға жайғасты.