Елназ Калиахмет пен Қазыбек Нөгербек 2025 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды

Астанада классикалық шахматтан ҚР чемпионатының финалы аяқталды. Қос шахматшы алғаш рет ел чемпионы атанды:
👑 Елназ Калиахмет (14 жас) — тек әйелдер арасындағы чемпион ғана емес, сонымен қатар Қазақстан тарихындағы ең жас чемпион. Ол 1998 жылғы рекордты жаңартып, 13 мүмкін ұпайдың 10-ын жинап, рейтингіне +87 ұпай қосты.
🥈Зарина Нұрғалиева (9½ ұпай)
🥉Меруерт Камалиденова (8½ ұпай)
👑 Қазыбек Нөгербек (21 жас) Денис Махнёвпен бірге бірінші орынды бөлісіп (9 ұпай), қосымша матчта (армагеддонда) жеңіске жетті.
🥉Алдияр Ансат (8 ұпай)