Нора Джеруто Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында отандасымыз Нора Джеруто алтын жүлдеге қол жеткізді.
Нора мәреге бірінші келсе, ал оның командаласы Дейзи Джепкемей қола медальға ие болды.
Жарыс нәтижесі:
Нора Джеруто — 9:10.46
Парул Чаудхари — 9:12.46
Дейзи Джепкемей — 9:12.46
Дейзи Джепкемей бұған дейін 10 000 метрге жүгіруде алтын медаль жеңіп алған.