Биатлоннан Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың нәтижесі
Биатлоннан Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың нәтижесі
Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтіп жатқан биатлон бойынша Әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Вадим Куралес, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин өнер көрсетті.
Команда ішіндегі ең жоғары нәтижені Киреев көрсетіп, 74-орынға табан тіреді. Куралес 75-болып мәре сызығын кесіп өтсе, Мухин 86-орынды иеленді. Ал Дүйсенов 89-орынға тұрақтады.
Бұл жарыста жеңіс тұғырына француз биатлоншысы Эрик Перро көтерілді. Күміс медаль италиялық Томассо Джакомелге бұйырса, үшінші орын тағы бір француз спортшысы Кентен Фийон Майеге бұйырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35