Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды
19 жастағы отандасымыз Талғат Орынбасар Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Ол жұбаныш белдесуде әзербайжандық Низами Имрановпен кездесті. Екеуара тартысты кездесу негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта отандасымыз Талғат Орынбасардың еншісіне шешілді.
Талғат Орынбасар өзі қатысқан соңғы үш жылдағы әлем чемпионатының үшеуінде де қола жүлдеге қол жеткізді. 2022 жылы жасөспірімдер арасында, 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол бүгінгі жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльдар Бірімбай мен Назым Махмутова таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
22.05.2026, 15:40
«Әл-Наср» Саудия лигасының чемпионы атанды
22.05.2026, 10:30
Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
21.05.2026, 11:20
Унаи Эмери бесінші рет Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды
21.05.2026, 10:00
Дзюдодан Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды
20.05.2026, 17:20
«Арсенал» Англия чемпионы атанды
20.05.2026, 10:35
Гвардиола маусым соңында «Манчестер Ситиден» кетеді
19.05.2026, 12:20
Неймар Бразилия құрамасына шақырту алды
19.05.2026, 11:40