Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін табысты аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде 85 медаль, оның 33і алтын. Бүгін 6 алтын, 7 күміс, 3 қола алды. 

 Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.

 Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков – бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.

 Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.

 «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.

 Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.

 «Алау» мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).

 «Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.

 «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды