Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы айналымға шықты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы және «Қазпошта» АҚ басшылығы бірлесіп, дүбірлі дода қарсаңында мерейтойлық пошта маркасын жарыққа шығарды.

Жаңа пошта маркасын таныстыру рәсімінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен бірегей байланыстың құралы. Мерейтойлық пошта маркасын шығару – өткенімізге деген мақтаныштың және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы. Бұл бастама көшпенді халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз», - деді Наиль Нұров.

Мерейтойлық пошта маркасы 500 данамен шыққан. Яғни, санаулы. Бүгіннен бастап еліміздің әр өңіріндегі пошта бөлімшелерінен марканы пайдаланып, ел ішінде, алыс шетелге сәлемдеме, хат жолдауға мүмкіндік бар. Естелік ретінде сатып алсаңыз да болады. Бағасы – 500 теңге.

Әлем бойынша хобби ретінде марка жинау екінші орында тұр. «Қазпошта» АҚ мамандары 10, 20 жылдан кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасының құны аспандап кететінін болжап отыр.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мерейтойлық пошта маркасын шығару – мәдени мұрамызға деген құрмет белгісі ғана емес, көшпенді халықтардың дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға қосқан елеулі үлес екенін атап өтті.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер екенін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдер жиынтығы сарапқа салынбақ.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Үстел теннисінен Азия чемпионатында қазақстандық команда жартылай финалға өте алмады
  • Дзюдо
2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
  • Күрес
Грек-рим күресінен әлем чемпонатына баратын спортшылар анықталды
Астанада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді
Үстел теннисінен ерлер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Әмір Омарханов China Open турнирінің жеңімпазы атанды
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің Мемориалында жеңіске жетті
Шолу | Аргентина – Франция - 3:2 | Футзал | Әлем чемпионаты 1/2 финал
Қазақстандық жеңіл атлет Францияда жеңімпаз атанды
Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды
Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте көш бастады
Қазақстан құрамасы Аргентинадан ірі есеппен жеңілді
Стенд атудан Азия кубогында Қазақстандықтар бес алтынға қол жеткізді
Зарина Дияс (571) Бейжіңдегі China Open WTA 1000 турнирінің іріктеу кезеңінен өтті
Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері атанды
Үстел теннисінен Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрам белгілі болды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды