Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы айналымға шықты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы және «Қазпошта» АҚ басшылығы бірлесіп, дүбірлі дода қарсаңында мерейтойлық пошта маркасын жарыққа шығарды.

Жаңа пошта маркасын таныстыру рәсімінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен бірегей байланыстың құралы. Мерейтойлық пошта маркасын шығару – өткенімізге деген мақтаныштың және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы. Бұл бастама көшпенді халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз», - деді Наиль Нұров.

Мерейтойлық пошта маркасы 500 данамен шыққан. Яғни, санаулы. Бүгіннен бастап еліміздің әр өңіріндегі пошта бөлімшелерінен марканы пайдаланып, ел ішінде, алыс шетелге сәлемдеме, хат жолдауға мүмкіндік бар. Естелік ретінде сатып алсаңыз да болады. Бағасы – 500 теңге.

Әлем бойынша хобби ретінде марка жинау екінші орында тұр. «Қазпошта» АҚ мамандары 10, 20 жылдан кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасының құны аспандап кететінін болжап отыр.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мерейтойлық пошта маркасын шығару – мәдени мұрамызға деген құрмет белгісі ғана емес, көшпенді халықтардың дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға қосқан елеулі үлес екенін атап өтті.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер екенін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдер жиынтығы сарапқа салынбақ.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты
Испания Францияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалына шықты
Футболдан Қазақстан командасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына есе жіберді