Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты
Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізуде.
Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті.
Ашылу салтанатын тамашалауға келген қонақтар қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді.
Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты.
Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАртем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45
Евгений Федоров - XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.09.2026, 10:05
Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанды
23.09.2026, 10:00
Стенд ату: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.09.2026, 09:35
Кристина Морозова спорттық жүрістен XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.09.2026, 07:00
Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды
22.09.2026, 13:10
Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы
22.09.2026, 12:10