Испания құрамасы төрт дүркін Еуропа Чемпионы атанды

Еуропа Чемпионатының финалында Англияны 2:1 есебімен жеңген Испания құрамасы өз тарихында төртінші мәрте жарыс жеңімпазы атанды. Осыған дейін Испания 1964, 2008, 2012 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізген.

Англия Еуропа Чемпионатының финалына екінші мәрте шығып, жеңілді. Гарет Саутгейт екі Еуропа Чемпионатының финалында жеңіліс тапқан алғашқы бапкер атанды. Естеріңізде болса, 2020 (2021) жылы Англия Италияға ойын соңындағы пенальтиден жеңілген.

Берлинде өткен финалдық ойынның алғашқы жартысында есеп ашылмай 47-минутта Нико Уильямс Ламин Ямальдің пасынан соң есепті ашқанымен 74-минутта Коул Палмер Джуд Беллингемнің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді. Испания матчтың 87-минутында Мигель Оярсабальдің көмегімен гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Бас бапкер Луис Де ла Фуэнте үшін бұл ұлттық құрама сапындағы үшінші жеңіс. Осыған дейін ол 2015 жылы 19 жасқа дейінгі құраммен чемпион атанса, 2019 жылы 21 жасқа дейінгі жастармен бірге Еуропа Чемпионы болған. Сонымен қатар, Фурия Роха турнирде жеті ойында жеңіске жеткен алғашқы құрама атанды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі