Басты Жаңалықтар Нұрбек Оралбайдың Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары кімдер?

Нұрбек Оралбайдың Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары кімдер?

Нұрбек Оралбайдың Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары кімдер?

Нұрбек Оралбай өз мансабында тұңғыш рет Олимпиадада бақ сынайды. Париж төрінде 80 келі салмақтың кіл мықтыларымен күш сынасады. 

Жазғы ойындарға Нұрбек әлем чемпионы статусында аттанады. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінің финалында ол Тоқтарбек Таңатқанды жеңді. Ал екі боксшы кейін Ханчжоудағы Азия ойындарында кездесіп, Тоқтарбек есе қайтарып үлгерді. Енді екі боксшы өзара мықтыны анықтау үшін Париж Олимпиадасының шаршы алаңында қолғап түйістіруі мүмкін.

80 келі салмақ дәрежесіндегі басты қарсыластар:

Тоқтарбек Таңатқан (Қытай) – 2023 жылғы ӘЧ күміс жүлдегері

Арлен Лопес (Куба) – 2016 және 2020 жылдардағы Олимпиада чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы

Александр Хижняк (Украина) – 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы

Эумир Марсьяль (Филиппин) – 2020 жылғы Олимпиаданың қола, 2019 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері

Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан) – 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері

Сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Вандерлей Перейра (Бразилия), Азия чемпионы Хуссейн Ишаиш (Иордания), ӘЧ қола жүлдегері Сальваторе Кавальяро (Италия) және біздің Нұрбек Оралбай мықтылар санатында. 

Бөлісу